Бапкер команда келесі матчта жеңіске жетуі керек екенін айтты
Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Альваро Арбелоа соңғы матчтардағы сәтсіз нәтижелердің себебі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маманның айтуынша, жеңілістің себебін түсіндіруден гөрі келесі ойында жеңіске жету маңызды. Оның сөзінше, «Реалда» ең басты талап — әр матчта жеңіске ұмтылу.
Арбелоа команданың ойыны бұдан да жақсы болуы мүмкін екенін атап өтті. Ол клуб құрамында мықты ойыншылар бар екенін және ұжымның әлеуеті жоғары екенін жеткізді.
Мадридтік команда келесі кездесуін Испания чемпионатының 27-туры аясында «Сельтаға» қарсы өткізеді. Матч 6 наурыз күні өтеді. Бұған дейін «Реал» Ла Лигадағы екі ойында қатарынан жеңіліп қалды: «Осасунадан» 1:2, ал «Хетафеден» 0:1 есебімен ұтылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или