«Астанада» ең көп жалақы алатын футболшылар белгілі болды
Елордалық «Астана» клубында өнер көрсететін хорватиялық футболшылар Марин Томасов пен Йосип Чондрич ай сайын 21 миллион теңге көлемінде жалақы алады, деп хабарлайды Prosports.kz ASnews.kz дерегіне сілтеме жасап.
Бұл ақпарат Sport Qory спортты қолдау қорының дереккөздері арқылы белгілі болған. Сондай-ақ нигериялық шабуылшы Джеффри Чинеду ай сайын 15 миллион теңге жалақы алып келгені айтылды.
Айта кетейік, 28 жастағы шабуылшы қысқы трансфер кезеңінде ресейлік «Крылья Советов» клубына ауысты. Ал Марин Томасов «Астана» сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Қақпашы Йосип Чондрич командаға 2023 жылы қосылған.
Еске салайық, қазіргі уақытта «Астана» клубы қаржылық қиындықтарды бастан өткеріп жатыр. Команда жаңа инвестор іздеуде және осыған байланысты бірнеше негізгі ойыншысын сатуға мәжбүр болған.