«Астана» футбол командасында ең көп жалақы алатын футболшылар кімдер?
Елордалық «Астананың» хорватиялық футболшылары Марин Томасов пен Йосип Чондрич клубта айына 21 млн теңгеден табыс табады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл ақпарат порталға Спортты қолдау қорынан (Sport Qory) мәлім болды. Сондай-ақ, нигериялық шабуылшы Джеффри Чинедудің ай сайын 15 млн теңге алып тұрғаны белгілі болды.
Айта кетейік, 28 жастағы шабуылшы қысқы трансферлік терезеде ресейлік «Крылья Советов» клубына ауысқан болатын. Ал Томасовқа келер болсақ, вингер «Астана» намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді, қақпашы Чондрич болса командаға 2023 жылы қосылған.
Еске салайық, қазіргі уақытта «Астана» қаржылық қиындықтарды бастан өткеріп, инвесторларды белсенді түрде іздестіріп жатыр. Осыған байланысты клуб команданың бірнеше көшбасшы ойыншысын сатуға мәжбүр болды.
Владимир Чебурин ҚПЛ клубын жаттықтырады
Қазақстанда тағы бір стадион салынады
Қазақ футболшысы «Болоньяға» өтіп, тарихтағы ең қымбат ойыншы болды