«Семей» бас бапкері: Біз бұл мерекені көп күттік
6 наурыз күні «Семей» Чемпиондар лигасының ширек финалында Францияның «Этуаль» командасына қарсы жауапты матч өткізеді. Турнир жаңа форматта өтуде және бұл өзгеріс қазақстандық команданың бас бапкері Аслан Смаковтың көңілінен шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.
«Семей» бапкері үшін ең маңыздысы — енді үйде де, сыртта да матчтар көбейгені. Бұрын команда өз алаңында мүлде ойнамай қалуы мүмкін еді:
«Біз бұл мерекені көп күттік, себебі клубымыз алғаш рет осы кезеңге шықты. Биылғы Чемпиондар лигасының форматы көрсетіп отыр — барлығы жаңаша форматты күтті, енді командалар өз алаңында да, сыртта да ойнайды.
Бұл футзалдың дамуы мен танымалдылығы үшін өте маңызды. Жанкүйерлеріміз бұл кездесуді ұзақ күтті, өткен 1/8 финалдағы матчта да атмосфера тамаша болды. Сондықтан ертеңгі ойында үлкен мереке күтілуде, біз оған толық дайынбыз», — деді Смаков баспасөз конференциясында.
Еске сала кетейік, алғашқы ойында «Семей» 4:1 есебімен алға шыққанымен, матчта 4:5 есебімен ұтылып қалды.
Чемпиондар лигасы: «Семей» — «Этуаль». Тікелей трансляция