Занғар Нұрланұлы қатысып жатқан Түркиядағы ITF турнирі тоқтатылды

Занғар Нұрланұлы қатысып жатқан Түркиядағы ITF турнирі тоқтатылды

Қазақстандық теннисші Занғар Нұрланұлы бақ сынап жатқан Түркиядағы ITF M15 турнирі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты жалғасын таппайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Таяу Шығыстағы жалғасып жатқан қақтығысқа байланысты Анталиядағы M15 турнирі тоқтатылды», - деп Нұрланұлы ұйымдастырушылардың Instagram жазбасынан үзінді келтірді.

5 наурызда Нұрланұлы 1/8 финалда Валентин Вантумен (Румыния) ойнауы керек еді.

Бұған дейін қазақстандық алғашқы кездесуінде Александр Гшельді (Австрия) 6-4, 6-4 есебімен жеңген болатын.

Өткен жылы Занғар Нұрланұлы АҚШ ашық чемпионатының жасөспірімдер турнирінің жартылай финалына шыққан болатын.


Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы жарыстың бірінші матчында жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или