Өзбекстан бокс мектебінің түлегі енді Қазақстан атынан сынға түседі
Өзбекстандық боксшы Саят Ілиясов енді халықаралық жарыстарда Қазақстан атынан сайысқа түсетін болды. Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Былғары қолғап шебері ел біріншілігінде Маңғыстау облысының намысын қорғайды.
– Саят Қазақстан алдымен Қазақстан азаматтығын алуы тиіс. Сондай-ақ біздің федерацияға қажетті құжаттарды тапсырады. Ел біріншілігінде өзін жақсы қырынан танытып жатса, ұлттық құрамаға шақыру алуы мүмкін. Ол біздің боксшылармен бірге оқу-жаттығу жиындарына қатысты. Енді ол Маңғыстау облысының атынан сайыстарға түсуге мүмкіндік алады, - деді Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Рауан Игенев.
Айта кетсек, боксшы 65 келіде өнер көрсетеді.
Өткен жылы Саят Ілиясов Өзбекстан ұлттық құрамасы сапында әлем чемпионатына қатысты.
Дмитрий Биволға әлем чемпионынан шақырту түсті