Александр Шевченко АҚШ-тағы жарыстың бірінші матчында жеңіске жетті

Александр Шевченко АҚШ-тағы жарыстың бірінші матчында жеңіске жетті

ATP рейтингінде 88-ші орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Шевченко Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан ATP 1000 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші кезеңдегі кездесуінде қазақстандық теннисші әлемде 113-ші орында тұрған жапондық Шо Шимабукуромен кездесті. Матч 2 сағат 11 минутқа созылып, Шевченко үш сетте жеңіске жетті – 6:4, 3:6, 6:2.

Келесі кезеңде Александр Шевченко ATP рейтингінде 13-ші орында тұрған норвегиялық Каспер Руудпен кездеседі.

Индиан-Уэллстегі ATP 1000 турнирінің жалпы жүлде қоры 9 415 725 АҚШ долларын құрайды.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или