Глейхенгауз Ресейді әлем чемпионатына жібермеуге қатысты: «Бұл басынан белгілі болды»

Глейхенгауз Ресейді әлем чемпионатына жібермеуге қатысты: «Бұл басынан белгілі болды»

Хореограф Даниил Глейхенгауз Ресей мәнерлеп сырғанаушыларының 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыстырылмауы бұрыннан белгілі нәрсе екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz..

Ол бұл шешімнің бесенеден белгілі екенін, ешқандай тосын жаңалық еместігін жеткізді. Неліктен Олимпиадаға жіберіп, басқасына рұқсат бермей жатқанын анықтау үшін сұрақты ISU-ға қою керегін атап өтті.

«Бұл басынан белгілі болды. Сондықтан ешқандай әсері жоқ. Өзгеріс болады деп үміттенудің қажеті жоқ. Өткен әлем чемпионатында да бізді жібермейтіні белгілі болды. Бізге тек Олимпиадаға және оның квалификациялық турниріне қатысуға рұқсат берілді. Әлем чемпионаты туралы сөз болған да емес!» деді ол берген сұхбатында.

Айта кетелік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 24–29 наурыз аралығында Прага қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или