Қазақ футболшысы «Болоньяға» өтіп, тарихтағы ең қымбат ойыншы болды

Қазақ футболшысы «Болоньяға» өтіп, тарихтағы ең қымбат ойыншы болды

18 жастағы Омар Мурадов италиялық Bologna FC клубымен үш жылдық келісімшартқа қол қойып, қазақ футбол тарихындағы ең қымбат ойыншы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бастапқы алты ай Мурадов жастар командасы «Примавера» (U-20) сапында ойнайды, кейін негізгі құрамға ауысады. Келісімшартта матчтар, ассисттер және голдар үшін берілетін бонус жағы да қарастырылған.

Айта кетелік, Омар Мурадов футболды Алматының Қайрат академиясында бастады. Онан әрі Әзербайжан клубтарында тәжірибе жинап, трансфері үшін 15 миллион еуро өтемақы алатын дәрежеге жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или