Олимпиада чемпионы: «Жеке шекарадан өтпеңіздер, жанкүйерлер!»
Америкалық мәнерлеп сырғанаушы, 2026 жылғы Милан Олимпиадасының екі дүркін чемпионы Алиса Лью өзіне жанкүйерлердің тым көп көңіл бөлетінін айтып шағымданды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол әуежайдан шығарда камералар мен автограф сұраған адамдардың көп болғанын, кейбірі оны көлігінде қуып жетіп, жеке шекарадан өткенін жазды.
«Мен әуежайға кеп шыға бергенде мені камералар мен автограф сұраушылардың қалың легі күтіп тұрды. Барлығы менің жеке кеңістігіме кіріп жатыр. Кейбірі тіпті машинама дейін қуып барды. Өтінемін, маған осылай жасамаңыздар!» деп жазды Лью әлеужеліде.
Айта кетелік, Миландағы Олимпиадада Алиса Лью мәнерлеп сырғанаудан екі алтын медаль жеңіп алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или