Еуропада қытайлық қазақ ойыншы туралы: «Тәрбиелі, бірақ алаңға шықпады»
Сербия Суперлигасында өнер көрсететін IMT Novi Beograd клубының спорт директоры Предраг Говедарица Қытайда туған этникалық қазақ футболшы Талпын Есдаулет туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, футболшы бірнеше жыл бұрын клубтың жастар құрамында жаттыққан, бірақ ресми матчтарға қатыспаған.
«Иә, оны есіме түсірдім. Ол біздің жастар командасында бір-екі жыл бұрын болған. Бірақ ойындарға шыққан жоқ. Бірнеше ай жаттығып, кейін кетіп қалды. Жақсы жігіт, тәрбиелі, алайда ойыншы ретінде нақты баға беру қиын, себебі матчтарда ойнаған жоқ» деді Говедарица.
Айта кетейік, бұған дейін футболшы болашақта Қазақстан азаматтығын алып, ел чемпионатында ойнағысы келетінін білдірген болатын.
Қазақ футболшысы «Болоньяға» өтіп, тарихтағы ең қымбат ойыншы болды