Бублик: «Олардың деңгейіне жету үшін бүкіл өміріңді арнау керек»
Қазақстанның бірінші теннисшісі, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик аңыз ойыншылардың деңгейіне жету неге өте қиын екенін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол Роджер Федерер, Рафаэль Надаль және Новак Джокович сияқты «аңыз үштіктің» деңгейіне жету үшін адам ерекше болуы керек екенін жасырмады.
Бубликтің айтуынша, мұндай деңгейге жету де спортшы бүкіл өмірін тенниске арнауы қажет.
«Надаль, Федерер және Джокович деңгейінде ойнау үшін адамға бөтен ғаламшарлық болу қажет-ау. Менің ойымша, ондай деңгейге жету іс жүзінде әсте мүмкін емес. Себебі бұл өте көп нәрсені талап етеді. Адам бүкіл өмірін соған арнауы қажет. Сондайға бара алғаны үшін олар ұлы теннисшілерге айналды» деді Бублик.
Айта кетелік, қазақстандық теннисші қазіргі буын жұлдыздарымен тіл табысу жеңілірек екенін айтты.