Астанада бокстан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир басталды

Астанада бокстан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир басталды

Астана қаласында бокстан жастар арасында ҚазССР чемпионы Манарбек Ихсановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және еліміздің 20 өңірінен келген 300-ге жуық жас боксшы қатысып жатыр.

«Манарбек Ихсановты еске алуға арналған турниріміз алғаш рет 2023 жылы Орал қаласында облыстық деңгейде ұйымдастырылып еді. 2024 жылы Республикалық деңгейге көтерілді. Ал 2025 жылы халықаралық статусқа өсті. Әйтсе де Орал қаласы еліміздің кей облыстарына баруға алыс болғандықтан, турнирді Астанада өткізуді ұйғардық. Бұл жерде 2010 - 2011 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер жүлдеге таласады», - деді жарыс ұйымдастырушысы Қаймен Есендияров.

Манарбек Ихсанов - 1964 жылы 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданы, Болашақ ауылында дүниеге келген. Ересектер санатында 75 келіде жұдырықтасып, жарақат салдарынан спорт мансабын аяқтауға мәжбүр болған. Ал 1995 жылы өмірден өтті.

«Турнирімізде жасөспірімдер санатына басымдық беруді жөн көрдік. Себебі, жас боксшылар - еліміздің ертеңі. Олар қазірден тәжірибелері шыңдала беруі тиіс. Алдағы жоспарымыз - осы деңгейден түспеуге тырысу», - деп боксшының туған бауыры Жандарбек Ихсанов өз пікірін білдірді.

Турнир жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан 200 мың теңге және IPhone 17 смартфоны, күміс жүлдегерге 100 мың теңге, қола жүлдегерге 50 мың теңге сыйақы қарастырылған. Сонымен қатар жеңімпаздардың бапкерлеріне 100 мың теңге мен естелік сыйлық табысталады.

Айта кетейік, турнир 9 наурызға дейін жалғасады.

Futures Cup халықаралық турниріне қатысатын Қазақстан құрамы белгілі болды

Қазақстан Странджа кубогында төрт алтын медаль жеңіп алды

Бокстан кіші әлем чемпионатында қай ел топ жарды?


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или