Серікболсын Естемесов «Ордабасыға» вице-президент болып тағайындалды
«Ордабасы» футбол клубының вице-президенті қызметіне Серікболсын Рамазанұлы Естемесов тағайындалды. Ол клубтың футбол операциялары бағытына жетекшілік етеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Серікболсын Естемесов 1992 жылғы 30 қаңтарда дүниеге келген. 2009-2013 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2014-2016 жылдары «Тұран» университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.
Футболдағы еңбек жолын кәсіби ойыншы ретінде «Цесна» футбол клубында бастаған. Одан кейын «Іле-Сәулет», «Сұңқар», «Жетісу» және «Мақтаарал» клубтарының сапында өнер көрсетті. Жасөспірімдер деңгейінде U-14, U-15 және U-16 санаттарында Қазақстан чемпионаттарының жеңімпазы болды.
2011 жылы ҚР Бірінші лигада қола жүлдегері.
2012 жылы қосалқы құрамдар арасындағы Қазақстан чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Кейінгі жылдары «IST-Q» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарарып, басқарушылық және ұйымдастырушылық қызметтерінде тәжірибе жинақтады.
Сондай-ақ, UEFA D және С санатындағы жаттықтырушы лицензиясына ие.
«Ордабасы» футбол клубында Серікболсын Рамазанұлы негізгі команда жұмысының ұйымдастырылуына, селекциялық саясатқа, спорттық жоспарлауға, академия мен жастар құрамаларының үйлесімді жұмысына, сондай-ақ клубтың спорттық стратегиясын іске асыруға жауап береді.
Еске салсақ, бұдан бұрын мұндай қызметке Жасұлан Барманқұлов, Батырбек Әшірбаев тағайындалған еді. Ал клубтың президенті қызметін Дархан Қызайбаев атқарады.
Шымкенттік клуб биылғы маусымнан бастап «Integra Construction KZ» ЖШС жекеменшігіне өтті.
«Ордабасы» биыл чемпиондыққа таласады