«Ордабасы» басшылғы алға қойған мақсаттарын айтты
Жақында ғана мықты инвестордың қолына өткен «Ордабасы» футбол клубы биыл чемпиондыққа таласады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы шымкенттік клубтың су жаңа директоры Дархан Қызайбаев команданың маусым алдындағы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Клуб әзірге әлемге әйгілі жұлдызды футболшыларды шақыруды жоспарлап отырған жоқ. Егер бас бапкер қаласа және ол футболшы клубты күшейте алатын болса, шақыруға дайынбыз. Біздің клубқа келгенімізге екі апта ғана болды. Әзірге толықтай жеке меншікке өте қойған жоқ. Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын, бұған дейінгі футболшылардың жалақысы мемлекет тарапынан қаржыландырды», - дейді клуб директоры.
Сондай-ақ, клубқа келген жаңа басшылық былтырғы сәтсіз маусымнан кейін бас бапкер ауыстыру мәселесін қарастырмағанын айтты.
«Ордабасы» футбол клубы жеке басқаруға өтті