Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы ӘЧ: Артур Смагулов қысқа бағдарламада өнер көрсетті

Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы ӘЧ: Артур Смагулов қысқа бағдарламада өнер көрсетті

Таллинде (Эстония) мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлем біріншілігі аясында ерлер арасындағы жекелей сайыста қысқа бағдарлама өтті.

Қазақстан атынан Артур Смагулов өнер көрсетті. Отандасымыз төрешілердің шешімімен 51.76 ұпай жинап, 37-орынға тұрақтады.

Ол еркін бағдарламаға жолдама ала алмады. Себебі бұл кезеңге өту үшін қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша үздік 24 спортшының қатарына ену қажет еді.

Жапониялық Рио Накада аралық көшбасшы атанды. Ол 89.51 ұпай жинап, осы жас санатында әлем рекордын жаңартты.

Михаил Шайдоров — Олимпиада чемпионы!

Михаил Шайдоровтың жалақысы белгілі болды

Қазақ халқы Михаил Шайдоровқа үлкен құрмет көрсетуде

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или