Александр Бублик: Ондай нәтижеге жету мүмкін емес

Александр Бублик: Ондай нәтижеге жету мүмкін емес

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік теннистегі аңыз ойыншылар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемдік рейтингте оныншы орында тұрған қазақстандық теннисші атақты «үлкен үштік» — Рафаэль Надаль, Роджер Федерер және Новак Джоковичтің деңгейіне жету өте қиын екенін айтты.

Бубликтің сөзінше, мұндай деңгейде өнер көрсету үшін адам ерекше болуы керек.

«Меніңше, Надаль, Федерер және Джоковичтің деңгейінде ойнау үшін адам аздап бөтен ғаламшарлық болуы керек. Ондай нәтижеге жету мүмкін емес сияқты. Бұл өте үлкен талап қояды. Мұндай деңгейге жету үшін өміріңді толықтай тенниске арнау қажет. Сол себепті де олар — ұлы спортшылар», — деді қазақстандық теннисші.

Айта кетейік, Александр Бублик алдағы уақытта Indian Wells Masters турниріндегі жарысын екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы америкалық Майкл Чжэн мен франциялық Артур Казо арасындағы матчтың жеңімпазы болады.

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің екінші айналымына өтті

Юлия Путинцева АҚШ-тағы турнирде кіммен жолығады?

WTA ұйымы теннисшілер рейтингін жаңартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или