Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Қазақстанда ерекше құрметке ие болды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров Италиядағы тарихи жеңісінен кейін елде ерекше құрметке ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған спортшыға 250 мың доллар көлемінде сыйақы берілді. Сонымен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыны қабылдап, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Елге оралғаннан кейін Шайдоровқа бірнеше пәтердің кілті, жол талғамайтын көлік және ақшалай сыйлықтар табысталды. Ал белгілі әнші Димаш Құдайберген чемпионға Hyundai Palisade автокөлігін сыйға тартты.
Сондай-ақ спортшының әкесіне кәсіпкерлердің бірі Audi Q8 көлігін тарту етті.
Шайдоровқа берілген ерекше сыйлықтардың бірі — оның бейнесі тоқылған авторлық кілем болды.

Михаил Шайдоровтың жалақысы белгілі болды
Жеке кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады
Михаил Шайдоровты дайындаған мамандардың айлығы жарияланды
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты Астанада салтанатты түрде қарсы алды