Макс Холлоуэй Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізгісі келеді

Макс Холлоуэй Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізгісі келеді

UFC-дің бұрынғы жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы (65 келіге дейін), америкалық Макс Холлоуэй ұйымның жұлдызы, ресейлік Ислам Махачевпен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менен кімге қарсы өзімді және шеберлігімді сынап көргім келетінін сұрады. Біз Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жек өткізу мүмкіндігін жіберіп алдық, сондықтан енді Ислам келесі маңыздысы. Бұл қызықты жекпе-жек болар еді», - деп келтірді UFC баспасөз қызметі Холлоуэйдің сөзін.

Айта кетейік, Холлоуэй 8 наурызда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC 326 турнирінде бразилиялық бұрынғы чемпион Чарльз Оливейрамен реванш өткізеді.

Шавкат жоқта Махачев кіммен шығады?


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или