Қазақстандағы бұқаралық футболды дамыту жолдары талқыланды
Астанада Қазақстан футбол федерациясы мен FIFA-ның бірлесуімен өткен іс-шарасы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесуде ҚР-дағы бұқаралық және әуесқой футболды дамытуға жүргізілген ауқымды талдау қорытындылары талқыланды.
FIFA-ның Жаһандық футболды дамыту департаменті 2023–2025 жылдар аралығында елдегі қолданыстағы құрылымдар, басқару тетіктері және бұқаралық футболдың одан әрі даму әлеуетіне жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Талдау нәтижесінде негізгі тұжырымдар мен тәжірибелік ұсынымдарды қамтитын аналитикалық есеп дайындалды.
Іс-шарада FIFA-ның техникалық сарапшылары зерттеу нәтижелерін ҚФФ қызметкерлері мен шақырылған мамандарға таныстырды. Талқылауға FIFA-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық техникалық консультанты Гайоз Дарсадзе, Еуропа бойынша аймақтық техникалық консультанты Томас Данилевичус, сондай-ақ әуесқой футболды талдау жөніндегі FIFA менеджері Раймондас Статкевичус қатысты.
Іс-шара Қазақстандағы бұқаралық және әуесқой футболды халықаралық стандартқа сай одан әрі дамытуға бағытталған кәсіби диалог пен нақты қадамдарды талқылау алаңына айналды.
«Елімайдың» жаңа маусымға арналған құрамы белгілі болды
«Ордабасының» 2026 жылғы маусымға арналған құрамы белгілі болды