Еуропа кубогы: Қазақстан жастар құрамасы жеті медаль еншіледі

Еуропа кубогы: Қазақстан жастар құрамасы жеті медаль еншіледі

Испанияның Мостолес қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогында қазақстандық спортшылар 7 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан жастар құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды. Ал жарыстың екінші күнінде 2 алтын мен 1 күміс жүлде бұырды.

Наукенова Айзат (-48 кг), Махатова Руслана (+78 кг) және Ерұланұлы Санжар (-100 кг) алтынна алқа тақты. Роллан Қайырғали (-66 кг), Гүлсезім Тұрлыбек (-78 кг) пен Нұрбергенов Омар (-81 кг) күміс еншілесе, Мұхамедали Закиров (-73 кг) қоланы қанағат тұтты.

Айта кетейік, Еуропа кубогында 23 елден 503 спортшы өзара бақ сынады.

Қазақ дзюдошылары Аустрияда алтынға көз тікті

Қазақстан Ташкенттегі Grand Slam турнирін сәтсіз аяқтады

Қазақстандық дзюдошылар Испанияда сәтті өнер көрсетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или