Азия чемпионатына қатысатын зілтеміршілер анықталды
1-10 сәуір аралығында Үндістанның Гандинагар қаласында ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған турнирде ел намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды:
- 60 кг: Әлішер Тұрғанбай (Түркістан облысы) және Азамат Төлеген (Қызылорда облысы)
- 65 кг: Сайрамкез Ақмолда (Жетісу облысы)
- 79 кг: Пётр Хребтов (Алматы)
- 86 кг: Ақерке Байманап (Алматы)
- 88 кг: Әлібек Рахымберді (Алматы)
- 110 кг: Сұлтан Мейрам (Алматы)
- +110 кг: Санжар Жолтай (Шымкент).
Ұлттық құраманың көшбасшылары бұл сайысқа қатыспайды. Олар қазіргі уақытта спорт туралы жаңа заңға сәйкес басымдыққа ие халықаралық жарыстарға ғана дайындалып жатыр. Атап айтқанда: Азия ойындары (19 қыркүйек – 4 қазан, Айти мен Нагоя, Жапония), әлем чемпионаты (27 қазан – 8 қараша, Нинбо, Қытай) және Олимпиада ойындары (14–30 шілде, 2028 жыл, Лос-Анджелес, АҚШ).
Жазира Жаппарқұл Шымкентте жаңа қызметке тағайындалды
Астана 2028 жылы ауыр атлетикадан әлем чемпионатын қабылдайды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или