Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Шымкентте жаңа қызметке тағайындалды

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Шымкентте жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстандық зілтемірші, ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Куәлікті ҚР Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті, Шымкент қаласы бойынша филиал президенті Мұрат Жолдыхожаев салтанатты түрде табыстады.

Тағайындау барысында сөз сөйлеген Мұрат Жолдыхожаев Жазира Жаппарқұлдың спорттағы жетістіктері мен тәжірибесі өңірдегі ауыр атлетиканы дамытуға серпін беретінін атап өтті. Оның айтуынша, Олимпиада жүлдегерінің федерация жұмысына араласуы жас спортшыларға мотивация беріп, кәсіби спорттың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.

Өз кезегінде Жазира Жаппарқұл сенім білдіргені үшін алғыс айтып, өңірдегі ауыр атлетиканы дамытуға бар күш-жігерін салатынын жеткізді. Ол жасөспірімдер спортына ерекше көңіл бөліп, жаттықтырушылар құрамымен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.

Жазира Жаппарқұл 1993 жылы 22 желтоқсанда Түркістан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 2016 жылы Олимпиадада күміс жүлдегер атанған ол 2014, 2015 жылдары әлем чемпионатында алтын алды. 

Сондай-ақ 2010 жылы жасөспірімдер Олимпиадасында жеңіс тұғырына көтерілді. 

Айта кетсек, өткен жылдары Жазира Жаппарқұлдың Шымкентте базарда саудамен айналысып жүргені айтылған еді. Ол спорттан шет қалғаннан кейін өзіне тиесілі сауда нүктесін басқарып отырғанын көпшілікке жеткізді. 

Хас сұлу футболшы – Илья Ильиннің қызы

2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Қазақстанда өтеді

Астана 2028 жылы ауыр атлетикадан әлем чемпионатын қабылдайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или