Ресей: «Иранда жазықсыздар қаза тауып жатыр, ал оларға бәрібір!»
Үш дүркін Олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанау шебері Ирина Роднина Батыс Азиядағы шиеленіске байланысты ХОК-тың АҚШ пен Израильді шеттетпеуін сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұрын ұйым спортты «елдерді біріктіретін, саясаттан тыс көпір» ретінде көретінін, қақтығыстарға қатысы жоқ деп есептейтінін жеткізген болатын.
«Неліктен ХОК Ресей сияқты АҚШ пен Израильді шеттетпейді? Біз неге олардың әрекетін күтіп отырамыз?? Біз қазірдің өзінде әділеттілік пен заңды көзқарастан шет қалдық. Кейбір елдер мұндай жайтта «шет ел» болады да, ал кейбірі не қылса да «сүйікті бала» сияқты. АҚШ әр жылы әскери әрекеттерге қатысып тұрады, бірақ ешкім оларды бірде-бір рет шеттеткен емес» дейді Роднина Sport24 сайтына берген сұхбатында.
Ол сондай-ақ, тек БАҚ халықаралық ұйымдарға әсер етуі мүмкін деп үміттенетінін, бірақ қазіргі таңда ештеңе өзгермей тұрғанын айтты.
«Иранда көп жан жазықсыз жерленіп жатыр, ал бәріне оған бәрібір. Мүмкін, ХОК келесі Олимпиадаға дейін күтіп отырған болар. Әлі де мұндай бассыздыққа қарсы нақты әдіс әзірленбеген» деп түйіндеді ол.
Айта кетелік, Америка мен Израиль Иранға бірлескен соққы жасаған болатын.