Биатлоннан әлем чемпионатында қазақстандық жасөспірімдер сәтсіз өнер көрсетті
Қазіргі таңда Арберде (Германия) биатлоннан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-не сілтеме жасап.
Әлемдік біріншілігі аясында бозбалалар мен жасөспірімдер арасында спринт жарысы ұйымдастырылды.
Бозбалалар арасында Кирилл Зотов 23-орын алды. Егор Немцев 49-орынға тұрақтаса, Евгений Полторанин 59-орыннан көрінді. Ал Никита Дудченко 75-орынға ие болды.
Жасөспірімдер арасында Захар Шкарин 39-орында мәреге жетті. Антон Редькин 59-орын алды. Ал Эрик Шефер 78-орынға жайғасса, Богдан Авизов 84-орынға тұрақтады.
Шаңғымен тұғырдан секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: ұлттық құрама тізімі
Конькимен жүгіруден әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
Қазақстан қыздары жасөспірімдер әлем чемпионатында топ жарды