Паралимпиада: Ресей мен Беларуське байланысты Германия наразылық білдірді

Паралимпиада: Ресей мен Беларуське байланысты Германия наразылық білдірді

Германия Паралимпиада-2026 ойындарының ашылу рәсіміне қатысудан бас тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мұндай шешім Ресей мен Беларусь спортшыларының ұлттық туларымен жарысқа жіберілуіне байланысты қабылданған. Бұл туралы Германияның Паралимпиада комитеті хабарлады. Ашылу салтанаты 6 наурыз күні Веронада өтеді, алайда неміс делегациясы наразылық ретінде рәсімге қатыспайды.

Комитет өкілдері Халықаралық паралимпиада комитеті (IPC) қабылдаған шешімді сынға алды. Олардың айтуынша, бұған дейінгі Бас ассамблея шешімдері мен Спорттық арбитраж соты (CAS) үкімдері Ресей мен Беларусьті міндетті түрде шақыруды қарастырмаған.

Бұған дейін ашылу салтанатын бойкоттайтынын Украина, Финляндия, Литва, Чехия, Эстония, Польша және Нидерланды делегациялары да жариялаған.

Айта кетелік, паралимпиада ойындары 6–15 наурыз аралығында Милан қаласында өтеді. 





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или