Шавкат жоқта Махачев кіммен шығады?

Шавкат жоқта Махачев кіммен шығады?

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев алғашқы титул қорғау кешін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік файтер 12 шілдеде Лас-Вегаста өтетін турнирде жеңілмеген эквадорлық спортшы Майкл Моралеспен октагонға шығады.

Моралес (19-0) дивизион рейтингінде үздік үштікке кіреді және UFC-де сенімді жеңістер сериясымен көзге түсті. Бұл айқас Махачев үшін жаңа салмақтағы алғашқы үлкен сынақ болмақ.

Айта кетелік, осы салмақта өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты уақытша үзіліс алған. «Көшпелі» тізе жарақатынан кейін ұзақ қалпына келу кезеңінен өтіп жатыр және октагонға шамамен 9–10 айдан кейін оралуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или