Қазақ дзюдошылары Аустрияда алтынға көз тікті
6–8 наурыз күндері Линц қаласында өтетін жарысқа 62 елден 500-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тізімде әлем біріншілігінің екі дүркін қола жүлдегері, өз салмағында әлемдік рейтинг көшбасшысы Әбиба Әбужақынова мен
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бар.
Ерлер:
60 кг: Аман Бақытжан
66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
73 кг: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов
81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
90 кг: Айдар Арапов
100 кг: Марат Байқамыров, Нұрлыхан Шархан
+100 кг: Жантілек Нұртілепұлы
Әйелдер:
48 кг: Әбиба Әбужақынова, Диана Буркеева
57 кг: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева
63 кг: Эсмигүл Куюлова
70 кг: Ажар Асхат
+78 кг: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова
Айта кетелік, қазақстандық жанкүйерлер бұл турнирден жүлде күтеді. Әсіресе, Әбужақынова мен Қырғызбайдың нәтижесі басты назарда болады.