Сидни Суини: «Егер футболшы болсам, ол менің бас қарсыласым болар еді»

Сидни Суини: «Егер футболшы болсам, ол менің бас қарсыласым болар еді»

Голливуд жұлдызы Сидни Суини Португалия чемпионаты аясындағы матчқа арнайы барып, кездесуден кейін өзінің сүйікті футболшысының есімін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сидни Суини сенбі күні Португалия чемпионатындағы «Спортинг» пен «Эшторил» ойынын тамашалады. Кездесуден кейін актриса алаңға шығып, клубтың  добын теуіп, футболға жақын екенін көрсетті.

Журналистермен әңгіме барысында Суини өзінің сүйікті футболшысының есімін де жасырмады.

«Криштиану Роналду  менің сүйікті футболшым секілді. Мен бәсекені жақсы көретін адаммын. Егер футболшы болсам, ол мен үшін қарсыласатын шабыт берушім сыңайлы болар еді» деп келтіреді актрисаның сөзін The Sun.

Айта кетелік, Криштиану Роналду әлем футболының ең үздік ойыншыларының бірі саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или