Ресейлік конькиші: Олимпиада асы дәмсіз

Ресейлік конькиші: Олимпиада асы дәмсіз

Ресейлік конькиші Анастасия Семенова Италиядағы Олимпиада да спортшыларға ұсынылған тағамға қатысты ашық сын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, Олимпиада ауылындағы ас сапалы болғанымен, дәмсіз дайындалған. Спортшы тағамдар арнайы бейтарап түрде әзірленгенін, яғни әркім өз талғамына қарай тұздап, бұрыштап жеуі үшін дәмдеуішсіз берілгенін айтты.

«Өнімдердің сапасы керемет, бірақ тамақ дәмсіз болды. Өйткені әр адам өзіне ыңғайлап дәм қосуы үшін солай жасалған болар бәлкім» деді ол ТАСС агенттігіне берген сұхбатында.

Айта кетелік, Семенова Олимпиада кезінде дәмді ет пен үйдің пюресін аса сағынғанын да жасырмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или