Ирландиялық файтер келесі жекпе-жегі туралы келіссөз жүргізіп жатыр

Ирландиялық файтер келесі жекпе-жегі туралы келіссөз жүргізіп жатыр

UFC ұйымының бұрынғы екі салмақтағы чемпионы Конор Макгрегор қайтадан көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Prosports.kz.

37 жастағы ирландиялық файтер UFC басшылығымен келесі жекпе-жегінің уақыты мен өтетін орны туралы келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, айқас Ақ үйде өтетін UFC турнирінде немесе ұйымның басқа жақын жарыстарының бірінде өтуі мүмкін.

«Қазір UFC басшылығымен келесі жекпе-жегім туралы келіссөз жүргізіп жатырмын. Немесе Ақ үйде өтетін UFC турнирінде, немесе ұйымның басқа бір жақын турнирінде ораламын. Жаз мезгілінде Макгрегор қайта келеді», – деп келтіреді оның сөзін Bloody Elbow порталы.

Айта кетейік, Макгрегор соңғы рет 2021 жылдың шілде айында UFC 264 турнирінде октагонға шыққан. Ол кезде ирландиялық файтер бірінші раундта аяғынан ауыр жарақат алып, америкалық Дастин Порьеге техникалық нокаутпен жеңілген еді.

Жалпы ММА мансабында Макгрегор 22 жеңіске жетіп, алты рет жеңілген. Ол UFC тарихында бір мезетте жартылай жеңіл және жеңіл салмақ дәрежелерінің чемпиондық белбеулерін иеленген алғашқы спортшы ретінде белгілі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или