Ноа Ндомбази ақтаулық клубтың ойыншысы атанды

Ноа Ндомбази ақтаулық клубтың ойыншысы атанды

Ақтаулық «Каспий» француз шабуылшысы Ноа Ндомбазимен келісімшарт жасасқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 жастағы футболшының ауысқаны туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Шабуылшы бұған дейін Испанияның «Валенсия», Швейцарияның «Санкт-Галлен» және Францияның «Конкарно» клубтарында өнер көрсеткен.

Қазақстанға келмес бұрын Ндомбази Украина чемпионатында «Кривбасс» клубының намысын қорғады. Бұл команда сапында ол 13 матчқа қатысқан.

Айта кетейік, бұған дейін Ноа Ндомбази павлодарлық «Ертіс» клубында қаралымнан өткен еді. Алайда ақырында футболшы жаңа маусымда Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін «Каспий» командасымен келісімшартқа қол қойды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или