АҚШ президенті бұл мәселе өзіне маңызды емес екенін айтты

АҚШ президенті бұл мәселе өзіне маңызды емес екенін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран құрамасының 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысуы мүмкін болмауы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін аймақтағы саяси жағдайдың шиеленісуі мен әскери қақтығысқа байланысты Иран құрамасы турнирге қатысудан бас тартуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Осы жағдайға байланысты Трамп өз көзқарасын білдірді.

«Маған Иран әлем чемпионатына қатыса ма, жоқ па – бәрібір», – деді АҚШ президенті Politico басылымына берген түсініктемесінде.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты Солтүстік Америкада өтеді. Турнир матчтарын АҚШ, Канада және Мексика қабылдайды. Иран құрамасы бұған дейін іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне жолдама алған.

Қазіргі әлем чемпионы – Аргентина құрамасы. 2022 жылғы турнирдің финалында аргентиналықтар Франция құрамасын жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или