Қазақстандық теннисші миксте титулын қорғады

Қазақстандық теннисші миксте титулын қорғады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина америкалық Тейлор Фрицпен бірге аралас жұптар арасындағы көрме турнирі — Эйзенхауэр кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдық матч он ұпайға дейінгі тай-брейк форматында өтті. Шешуші кездесуде Рыбакина мен Фриц америкалық теннисшілер Аманда Анисимова мен Лернер Тьенге қарсы ойнады. Қазақстандық-америкалық жұп 10:7 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Рыбакина мен Фриц өткен жылғы жетістігін қайталап, турнирдегі титулдарын қорғап қалды. Былтыр да олар дәл осы Эйзенхауэр кубогының микс бәсекесінде жеңіске жеткен болатын.

Жеңімпаздар турнир қорытындысы бойынша 200 мың доллар көлеміндегі сыйақы иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или