Шаңғымен тұғырдан секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: ұлттық құрама тізімі
Норвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғы спорты түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды.
Бүгін, 4 наурызда, аталған дода аясында шаңғымен тұғырдан секіру жарыстары өтеді. Бұл бәсекеде 2026 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Илья Мизерных өнер көрсетеді.
Сонымен қатар Қазақстан құрамасының сапында Давид Гааль, Артем Мешков, Даниил Калинкин, Виктория Рулева, Анастасия Горунова, Алиса Седова және Алена Свириденко бақ сынайды.
4 наурыз күні қыздар арасындағы жарыстар өтсе, келесі күні ерлер бәсекесі басталады. Бағдарламада командалық жарыстар да бар.
Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиада ойындарында Илья Мизерных үлкен тұғырда сегізінші орын алған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или