UFC жұлдызы Конормен жекпе-жек үлкен мүмкіндік екенін жеткізді

UFC жұлдызы Конормен жекпе-жек үлкен мүмкіндік екенін жеткізді

UFC файтері Макс Холлоуэй жеңіл салмақтағы UFC 326 турнирінде Чарльз Оливейраға қарсы басты жекпе-жекке дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы TMZ Sports басылымына берген сұхбатында ирландиялық Конор Макгрегормен реванш өткізуге де қарсы емес екенін айтты. Оның сөзінше, мұндай жекпе-жек кез келген файтер үшін үлкен мүмкіндік саналады.

Холлоуэйдің пікірінше, UFC-де немесе кез келген ұйымдағы спортшы Макгрегормен айқасуға келіспесе, үлкен мүмкіндікті жіберіп алады. Ол Конор қатысатын әрбір жекпе-жек аса ірі оқиғаға айналатынын атап өтті.

Сондай-ақ ол Макгрегордың кезінде Рафаэль Дос Аньоспен болған баспасөз конференциясында айтқан әйгілі сөзін еске алды. Ирландиялық файтер ол кезде өзімен келісімшартқа қол қоюды «үлкен мереке» деп атап, «үйге қоңырау шалып, әйелімен бөлісетін күн» екенін әзілмен жеткізген.

Айта кетейік, Макс Холлоуэй мен Конор Макгрегор алғаш рет 2013 жылдың тамыз айында кездескен. Сол жекпе-жекте төрешілердің бірауызды шешімімен ирландиялық файтер жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или