Жұман Жұмабековтың келесі жекпе-жегі жарияланды
Қазақстандық файтер Жұман Жұмабеков (17-8) келесі жекпе-жегін 11 сәуірде Алматыда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
IBA Nomad турнирінің негізгі жекпе-жегінде «Арлан» «Парсы Дағыстаны» деген лақап атпен танымал ирандық спортшы Мохаммед Хейбатимен (6-5) кездеседі.
Еске сала кетейік, Жұман Жұмабеков соңғы рет қаңтар айында жекпе-жек өткізіп, екінші раундта бразилиялық файтер Рилдеси Диасты (28-17) жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или