Родриго әлем чемпионатына қатыспайды
«Реал Мадрид» пен Бразилия құрамасының ойыншысы Родриго тізесіндегі крест байламдарын үзіп алды деген күдік бар, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бүгін жүргізілген медициналық тексерулерден кейін біздің ойыншымыз Родригоға алдыңғы крест тәрізді байламының жыртылғаны және оң аяғында бүйір менискінің жыртылғаны диагнозы қойылды», - делінген «Реал Мадрид» клубының мәлімдемесінде.
Бразилиялық ойыншы Испания лигасының 26-шы турында «Хетафеге» қарсы ойында (0-1) жарақат алды. «Реал Мадрид» шабуылшысы жарақатына қарамастан «Хетафеге» қарсы ойынды жалғастыра алды. Родриго «Сантьяго Бернабеу» алаңына 55-минутта шықты.
Айта кетейік, әдетте футболшылар бұл жарақаттан 6-8 айда айығады. Сондықтан, Родриго жазда өтетін әлем чемпионатына қатыспайды.
Месси ұлы Пеленің жетістігін қайталады
Самородов ЦСКА-ға қарсы жеңіс голынан кейін қандай баға алды?
«Карабах» қазақстандық қақпашының командасына қарсы ойында камбэк жасады