Йован Пайович «Жетісу» қатарына қосылды
Талдықорғанның «Жетісу» командасы 29 жастағы черногориялық қорғаушы Йован Пайовичпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футболшы мансабының көп бөлігін Черногорияда өткізіп, «Беране», «Морнар Бар», «Младост Лие», «Подгорица» және «Жезеро» сияқты клубтардың намысын қорғады. Сондай-ақ, ол Мальтаның «Биркиркара» командасында ойнады.
Қазақстандық жанкүйерлер Пайовичті Қызылордадағы «Қайсар» клубында ойнаған кезінен бері жақсы біледі. Өткен жаздан бері Жезғазғанның «Ұлытау» сапында доп тепті.
Қазақстандық шабуылшы Румынияда дебюттік матчын өткізді
Футболдан Қазақстан әйелдер лигасы сәуір айында басталады
«Карабах» қазақстандық қақпашының командасына қарсы матчта камбэк жасады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или