Германияның жастар құрамасында ойнаған футболшы ұлттық құрамада доп теппек
Жақында ғана «Жеңіс» клубына ауысқан 34 жастағы жартылай қорғаушы Александр Меркель Қазақстан құрамасында ойнауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Әзірге «Жеңіс» сапында легионер ретінде ойнаймын. Егер төлқұжатқа қатысты мәселе шешілсе, Қазақстан азаматтығын аламын.
Ең алдымен алаңға шығып, өзімді көрсетуім қажет. Егер ұлттық құраманың бапкері қаласа, біз төлқұжат мәселесін реттейміз. Мен қуана-қуана Қазақстан құрамасында ойнауға дайынмын», – деді футболшы Эльдар Аманбаевқа берген сұхбатында.
Германияның жастар құрамасында ойнаған Александр Қазақстан құрамасында 2016 жылы Исландияға қарсы ойында дебют жасады. Кейін 2019 жылы Шотландия және Ресеймен болған матчқа қатысты.
Шымкент қаласындағы 35 000 орындық жаңа футбол стадионының макеті көрсетілді