UFC: Асу Алмабаевтың рейтингтегі орны белгілі болды
Мексиканың Мехико қаласында өткен UFC Fight Night 269 турнирінен кейін UFC-дің жеңіл салмақтағы жаңартылған рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған дивизионда сынға түсетін қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың тоғызыншы орынға түсіп қалғаны белгілі болды. Еске салсақ, оның аталмыш турнирдегі Брэндон Мореноға қарсы өтетін жекпе-жегі жарақат алып қалуына байланысты өтпей қалды.

Айта кетейік, қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 2 қарашасында Алекс Переске қарсы өткізіп, мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Асу Алмабаев UFC титулын Шавкат Рахмоновтан бұрын әкеледі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или