Конькимен жүгіру: Тарихи нәтиже көрсеткен спортшылар елге оралды
Бүгін түнде Астана қаласының халықаралық әуежайына конькимен жүгіруден Инцелль қаласында (Германия) өткен жасөспірімдер әлем чемпионатына қатысқан Қазақстан командасы келді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тарихи нәтиже көрсеткен спортшыларды достары, жаттықтырушылар, ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин және БАҚ өкілдері ыстық ықыласпен күтіп алды.
«Қазір көңіл-күйім керемет! Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тұғырдың ең биік сатысында тұрғанда Қазақстанның әнұраны шырқалғаны - ғажап сәттің бірі. Қазір менің әлі инстаграм парақшам жоқ. Жақындарым ол жерде мен туралы өте көп жазып, пікір жазу арқылы қолдап жатқанын көрсетті. Соның өзі жақсы әсер қалдырды. Әлем чемпионатына барарда жүлде алатынымды білдім. Алайда дәл 500 метрге жарыста медаль алам деген ой болмаған. Осы жолы бәрі сәтті болды»,-деп айтты Кристина Шумекова БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Айта кетейік, Германияда өткен конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде біздің спортшылар 6 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алған еді.
Конькимен жүгіруден әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
Қазақстан қыздары жасөспірімдер әлем чемпионатында топ жарды