Алдияр Алтаев белорусьтік командамен келісімшартқа отырды
19 жастағы қазақстандық шабуылшы Алдияр Алтаев Беларусьтің «Барановичи» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдияр Алтаев «Астана» командасының түлегі. Ол сондай-ақ «Тобыл» және «SD Family» командаларында ойнады. Өткен маусымда ол Бірінші лигада 13 матч өткізіп, жеті гол соқты.
«Барановичи» өткен маусымда Бірінші лигада бірінші орын алды және енді Беларусь Премьер-лигасында ойнайды.
Месси ұлы Пеленің жетістігін қайталады
Самородов ЦСКА-ға қарсы жеңіс голынан кейін қандай баға алды?
«Карабах» қазақстандық қақпашының командасына қарсы ойында камбэк жасады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или