Путинцеваның АҚШ-тағы турнирдегі алғашқы қарсыласы анықталды

Путинцеваның АҚШ-тағы турнирдегі алғашқы қарсыласы анықталды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваның Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан турнирдегі алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз турнирін алғашқы айналымында WTA рейтингінде 106-орында тұрған испаниялық Паула Бадосамен кездеседі. Юлия Путинцева мен Паула Бадоса арасындағы кездесу 4 наурызға жоспарланған.

Қос теннисші бұған дейін 2024 жылы тамызда Цинциннатиде (АҚШ) өткен турнирде кездескен, ол кезде испан спортшысы 6-4, 6-4 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Индиан-Уэллстегі WTA 1000 BNP Paribas Open турнирі 4-15 наурыз аралығында өтеді. Жалпы жүлде қоры - 9 415 725 доллар.

WTA ұйымы теннисшілер рейтингін жаңартты



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или