Даңқты файтер өз елінің патриоты екенін айтты
Бұрын UFC өнер көрсеткен қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Legalbet.kz сайтының АҚШ-қа қоныс аудару жоспары бар-жоғы туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Соңғы оқу-жаттығу жиынына жалғыз өзім бардым. Оған дейін отбасыммен бірге баруға тырысатынмын. Әрі демалып, әрі олар қасымда болсын дейтінмін. Америкаға көшу мәселесіне келсек – жоқ, мүлде жоспарымда жоқ. Мен әлі күнге дейін өз қалам – Ақтөбеде тұрамын. Алдағы уақытта да осында өмір сүруді жоспарлап отырмын. Басқа жаққа көшу ойымда жоқ. Мен өз қаламның, өз елімнің патриотымын», – деді атақты спортшы.
Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов (19-9) қазір еуропалық OKTAGON лигасының чемпионы.
Жеңіліс дәмін татпаған файтер қайта оралады
UFC титулын Қазақстанға Шавкаттан бұрын кім әкеледі?
Шавкаттың бапкері: «Рахмоновпен айқасу Ислам үшін тым қауіпті»