Ярослав Терехов «Ұлытаудан» неге кеткенін түсіндірді

Ярослав Терехов «Ұлытаудан» неге кеткенін түсіндірді

Украиналық футболшы Ярослав Терехов Legalbet.kz сайтына «Ұлытау» клубынан Польша чемпионатының үшінші (іс жүзінде – төртінші) лигасындағы «Авиа» (Свидник) командасына ауысу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл – алыдна үлкен мақсат қоятын клуб. Жұмыс істеуге және кәсіби тұрғыда өсуге жақсы жағдай жасалған. Нақты қызығушылық болды, жеке келісімшарт талаптары да көңілге қонымды. Оның үстіне, Еуропа елі, әрі Польшада алға жылжуға мүмкіндік бар, себебі бұл – футболы жақсы дамыған мемлекет», – деді футболшы.

26 жастағы орталық қорғаушы Ярослав Терехов былтыр ақпан айының басында молдовалық «Милсами» клубынан «Ұлытауға» ауысқан. КПЛ-2025 турнирінде 22 матчқа қатысып, 1 нәтижелі пас берді. Ақпан айының соңғы күндері ол Польша чемпионатының үшінші лигасындағы «Авиа»  клубының ойыншысы атанды.

Transfermarkt порталы футболшыны 200 мың еуроға бағалап отыр.

«Қайрат» «Зенитпен» жолдастық кездесу өткізетінін хабарлады

Шымкент қаласындағы 35 000 орындық жаңа футбол стадионының макеті көрсетілді

Темірлан Анарбековке Еуропа қызығушылық танытып отыр


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или