«Барыс» сырт алаңда жеңіліп қалды

«Барыс» сырт алаңда жеңіліп қалды

Астананың «Барыс» командасы Континентальды хоккей лигасының сырт алаңдағы матчында Санкт-Петербургтің СКА командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ледовый дворец» стадионында өткен ойында СКА 7-0 есебімен жеңіске жетті.

«Барыс» (47 ұпай) қатарынан бесінші рет жеңіліске ұшырады және 62 ойыннан кейін Шығыста оныншы орында тұр.

7 наурызда «Барыс» Қытайдың «Шанхай айдаһарларымен» сырт алаңда кездеседі.

СКА (Санкт-Петербург, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 7:0 (2:0, 3:0, 2:0)

Шайба соққандар:

1:0 — 09:33 Воробьёв (Дишковский, Голдобин).

2:0 — 11:53 Плотников (Педан, Голдобин).

3:0 — 24:19 Савиков (Бландизи, Уилсон).

4:0 — 32:08 Плотников (Голдобин, Уилсон).

5:0 — 36:49 Поляков (Сапего, Гримальди).

6:0 — 51:07 Плотников (Голдобин, Филлипс).

7:0 — 56:29 Короткий (Хайруллин, Савиков).

Қақпашылар: Плешков — Шутов 00:00-24:19, Шил 24:19-60:00


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или