Әмір Омарханов әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Әмір Омарханов әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

18 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жаңартылған ATP рейтингіндегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеке сында Омарханов 11 сатыға көтеріліп, 757-ші орынға жетті, ал жұптық сында 104 сатыға көтеріліп, 706-шы орынға тұрақтады.

Омарханов әлемдік теннисте болашағынан зор үміт күттіретін спортшылардың бірі. Оның ITF жасөспірімдер рейтингіндегі ең жоғары орны - 4-ші орын.


WTA ұйымы теннисшілер рейтингін жаңартты


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или