Қазақстандық шахматшы үздік ондыққа енді

Қазақстандық шахматшы үздік ондыққа енді

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) жаңартылған рейтингінде үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бибісара Асаубаева Нидерландтың Вейк-ан-Зее қаласында өткен Tata Steel Chess Challengers 2026 турнирінде сәтті өнер көрсетті. Жерлесіміз 13 партияның төртеуінде жеңіске жетіп, жетеуін тең нәтижемен аяқтап, тек екі рет жеңілді. Нәтижесінде қазақстандық шахматшы рейтингте тағы 19 ұпай иеленіп, әлемдік тізімде тоғызыншы орынға көтерілді.

Әйелдер арасындағы FIDE рейтингінде алғашқы бес орын Қытай шахматшыларына тиесілі. Көш басында бұрынғы әлем чемпионы Хоу Ифань тұр.

Айта кетейік, 2025 жылдың желтоқсанында Бибісара Асаубаева блицтен үш дүркін әлем чемпионы атанған. Осы жетістігінің арқасында ол 2026 жылдың сәуір айында өтетін Үміткерлер турниріне алғаш рет жолдама алды. Бұл дода жеңімпазы классикалық шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчқа қатысуға мүмкіндік алады.

Қазақстандық шахматшы әлемде ең көп табыс табатын әйелдер қатарына кірді

Бибісара Асаубаева блиц рейтингінде әлемнің үздік үштігіне кірді

Головкин Қытаймен келіссөз жүргізді

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или