Ұлттық құрама спортшысы әлем кубогында Қазақстан рекордын тіркеді
Өткен аптада Аустрияның Кульм елді мекенінде өткен шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогы кезеңінде Ұлттық құрама спортшысы Илья Мизерных өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз іріктеуде 219 метрге секіріп, Қазақстан рекордын жаңартты. Нәтижесінде 188.7 ұпаймен іріктеудегі жалпы есепте 14-сатыға тұрақтады. Жарысқа барлығы 54 спортшы қатысты.
Айта кетейік, 19 жастағы Илья жуырда Милан-Кортина Олимпиадасында үлкен трамплинде секіру бәсекесінде 8-орын алып, осы спорт түрі бойынша Қазақстанның Олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижесін көрсеткен. Ал 2024 жылы Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында тарихи алтын медаль иеленіп, жеңімпаз атанған.
Қазақстан қыздары жасөспірімдер әлем чемпионатында топ жарды